Қоғам

Астанада түнгі автобус бағдары іске қосылады

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуТүнгі Астана
Түнгі Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Автобустар жарты сағат сайын жүріп отырады, билеттің құны 150 теңге

АСТАНА, 5 сәуір — Sputnik. Елордада түнгі №200 маршрут енгізіледі деп хабарлайды Астана әкімінің сайты.

Оқушылар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада оқушыларды тасымалдау үшін мектеп автобустары беріледі

Сәуірдің 7-сінен 8-не қараған түні тестілік режимде "Теміржол вокзалы – Халықаралық әуежай" арасында № 200 түнгі бағдар енгізіледі.

Астана қаласының Жолаушылар тасымалы басқармасының хабарлауынша, бағдар "Теміржол вокзалы – Біржан сал көшесі – Жеңіс даңғылы – Кенесары көшесі – Республика даңғылы – Қабанбай батыр даңғылы – Сарайшық көшесі – Тұран даңғылы – Достық көшесі – Қабанбай батыр даңғылы – "Пригородный" т/а – Халықаралық әуежай" арқылы жүреді.

Жол жүру ақысы 150 теңгені құрайды. Қозғалыс аралығы: 30 — 60 минут. Жұмыс уақыты: 23:00 ден 06:00 дейін.

Жаңалықтар
0