10:33 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Оқ

Қазақстанда үйде сақталатын оқ мөлшері шектелетін болды

© Sputnik / Михаил Воскресенский
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
8 0 0

Қазақстанда үйде сақтауға болатын оқ мөлшеріне шектеу енгізілмек

АСТАНА, 5 сәуір — Sputnik. Үйде сақтауға болатын иір ойықты және тегіс ұңғымалы қарудың оқ-дәрі мөлшеріне қазіргі кезде шектеу жоқ, алайда жуық арада бұған өзгерту енгізіледі деп хабарлады "Қорамсақ" Қазақстан қару-жарақ қауымдастығының вице-президенті Сергей Катнов Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Оның сөзіне жүгінсек, қазіргі уақытта "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" заңға қатысты өзгертулер жобасы үкіметтің бекітуіне жіберілген. Бұл жобаны қауымдастықтың белсенді түрде қатысуымен ішкі істер министрлігі дайындаған. Катновтың айтуынша, үкімет бұл өзгертулерді жуық арада қабылдауы тиіс.

Қару салынған сейфте сақтауға болатын оқ мөлшеріне қатысты өзгертулер енгізілмек. Бұл өзгертулерге сәйкес, тегіс ұңғымалы қарудың 500-ге жуық, иір ойықты қарудың 100-ге жуық оғын сақтауға болады.

"Шектеулер енгізіледі. Бұрын мұндай шектеу болмаған, бірақ қару иелерінің басым көпшілігі үшін осы мөлшер жеткілікті. Егер тегіс ұңғымалы қаруға арналған оқ мөлшері көбірек болса, жеке сейфте сақталуы тиіс", — дейді Катнов оқ-дәрі сақтауға қатысты өзгертулер туралы сөз қозғап.

Алайда жеке сейфтің өзінде ең көп дегенде 1000 оқ сақтауға болады.

Басты тақырыптар