04:09 19 Қазан 2017
Тікелей эфир
Манарбек Өтеуов

Бұрынғы полицей Өтеуов тергеу изоляторында жанжал шығарған

© Foto: Акжайык
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
17 0 0

Манарбек Өтеуов Өзбекстан азаматын аяусыз өлтіргені үшін 22 жылға бас бостандығынан айырылу жазасына кесілген

АСТАНА, 6 сәуір — Sputnik. Бұрынғы полицей Манарбек Өтеуовті айыптау баптарына "қылмыстық-атқарушы мекеменің талаптарына бағынбау" және "мекеме қызметкеріне қарсы күш қолдану" баптары қосылды деп хабарлайды жергілікті "Ақжайық" басылымы.

4 сәуір күні №2 Атырау сотында бұрынғы полией Манарбек Өтеуовке қатысты екінші процесс басталды. Ол былтыр мамыр айында Өзбекстан азаматын аяусыз өлтіргені үшін 22 жылға бас бостандығынан айырылу жазасына кесілген. Бірақ ол ІІБ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы әшкерелеу хатын жазады. Сол себепті Бас прокуратура тексеру жүрігііп жатқан кезде, оны тергеу изоляторына қамайды.

Енді Өтеуов 428-бап 1-бөлік және 429-бап 2-бөлік бойынша сот алдына келіп отыр. Істің деректеріне сүйенсек, былтыр 21 қарашада Өтеуов тергеу изоляторы қызметкерлерінің кезекшілігі ауысқан кезін пайдаланып, қамаудан шығып кетіп, темір арматурамен қаруланып, тергеу изоляторы басшысын шақыруды талап еткен.

Тергеу изоляторының басшысы Ержан Молдабеков келгенде, Өтеуов оны шалып құлатып, бірнеше мәрте бетінен ұрады. Ақыры соңында бұрынғы полицей құрықталып, карцерге қамалды.

Молдабеков сотқа негізгі куәгер ретінде қатысты, оның айтуынша, Өтеуов келесі күні жасаған ісіне өкініп, мас күйінде жанжал шығарғанын мойындаған.

5 сәуір күні Манарбек Өтеуовтің процестік келісімге келгені белгілі болды. 11 сәуірде қорытынды отырыс өтіп, үкім шығарылады.

Басты тақырыптар