Қоғам

Максим Арышевпен қоштасу жұма күні Алматыда өтеді

© Sputnik / Александр Полегенько / Медиабанкке өтуСанкт-Петербург метросында қаза тапқандарды еске алу
Санкт-Петербург метросында қаза тапқандарды еске алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жас жігіт 3 сәуір күні Петербург метросында болған жарылыста қаза тапты

АСТАНА, 6 сәуір — Sputnik. Петербург метросындағы жарылыс кезінде қыршынынан қиылған Максим Арышевпен қоштасу жұма күні Алматыда өтеді деп хабарлады жігітің сүйген қызы Александра Рыбальченко әлеуметтік желіде.

Бұдан бұрын Максимнің достары мен курстастары оған арнап "Сенная площадь" метро станциясында ескерткіш мемориал орнатқан болатын.

"Алматы! Қағидан қан жұтып отырған Максимнің отбасының атынан хабарлаймыз. Максиммен қоштасып, соңғы сапарға шығарып салуға қатысқысы келетіндер 7 сәуір күні сағат 10.00-де Президент Іс Басқармасы Ауруханасының Діни Рәсімдер залына келсін. Ғимаратқа Шевченко және Панфилов көшелерінің қиылысы жағынан кіресіздер", — деп жазды Рыбальченко Вконтакте желісіндегі жеке парақшасында.

Қазақстандық студент Санкт-Петербург жоғары оқу орындарының бірінде білім алып жүрген. Жас жігіт 3 сәуір күні метрода болған жарылыста қаза тапты.

Жаңалықтар
0