10:33 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Шеру

Бүгін тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан әскерилерді еске алу күні

© Foto: министерство обороны Республики Казахстан
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
24 0 0

1995 жылы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында әскери борышын өтеу кезінде 17 әскери қызметкер қаза тапқан

АСТАНА, 7 сәуір — Sputnik. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы 7 сәуірді Ерлік және еске алу күні деп жариялады.

"1995 жылы 7 сәуірде тәжік-ауған аумағында ТМД-ның ішкі шекарасын қорғау бойынша әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан Ішкі әскердің 17 әскери қызметкері құрметіне Ұлттық ұлан бөлімшелері орналасқан барлық өңірлерде жеке құрам, ардагерлер, қаза тапқандардың әріптестері, достары мен жолдастары ескерткіш маңына жиналып, Отанымыздың тәуелсіздігі мен қауіпсіздігі үшін әскери борышын ақтық демі қалғанша орындаған әскерилерді еске алады", — деді орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай.

Астанада салтанатты іс-шара Отан қорғаушылар монументі алаңында өтеді. Оған ІІД басшылығы, ҚР Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы, парламент депутаттары және қоғам қайраткерлері қатысады.

Басты тақырыптар