Қоғам

Дін министрлігі: мешіттерде ішкі тәртіпті бұзу азайды

© AFP 2024 / Kirill KUDRYAVTSEVМешіт
Мешіт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ішкі істер министрлігі діни ғимараттардың айналасындағы қауіпсіздікті бақылауды күшейтті.

АСТАНА, 7 сәуір — Sputnik. Кешенді жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күні мешіттердің ішкі тәртіп ережесін бұзу азайды деп хабарлады Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев.

Ермекбаев жеткізгендей, министрлік Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен діни саладағы жұмысты ұйымдастыру бойынша меморандумға қол қойған.

"Осындай жұмыс басқа да діни ұйымдармен жүргізілуде. Осындай ынтымақтастық аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттерде жүріп-тұрудың бірыңғай ережелерін әзірлеп, енгізді. Діни жораларды біріздендіру, діни қызметкерлерді дайындау жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс жүріп жатыр. Бұл ретте мемлекет діни ұйымдардың қызметіндегі таза діни мәселелерге араласпайды", — деді Ермекбаев.

мешіт - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада жұмысы жоқ мешітке келушілерге жұмыс іздестірілуде

Өз кезегінде Ішкі істер министрлігі барлық діни ғимараттардың айналасындағы қауіпсіздікті бақылауды күшейткен.

"Мешітттер, шіркеулердің жанында тұрақты түрде патрулдік қызмет кезекшілік етеді. Осының арқасында мешіттерде жүріп-тұрудың ережелерін бұзу азайып, қауіпсіздік деңгейі жоғарылады", — деп хабарлады министр.

Жаңалықтар
0