Қоғам

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қайсысы түн ортасына дейін жұмыс істейтін болады

© Sputnik / Ксения ВоронинаАбылайхан Оспанов
Абылайхан Оспанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ басқармасы төрағасы Абылайхан Оспанов Астанадағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының қайсысы түн ортасына дейін жұмыс істейтінін Sputnik Қазақстан агенттігіне айтып берді
Правительство для граждан: какой ЦОН будет работать до полуночи

"Осындай ұсыныс жасағанбыз, әзірше азаматтарға бұл қажет пе, жоқ па талқылау жүргізіліп жатыр. Болжам бойынша, Сауран, 7 мекенжайы бойынша ХҚКО жұмыс істейді. Бір айтарым, еңбек заңнамасының барлық қағидалары сақталатын болады – өзгермелі жұмыс кестесі, қызметкерлерді үйлеріне жеткізіп салу қарастырылған", — деп түсіндірді Оспанов.

Сонымен қатар, басқа орталықтарда тапсырыс берілген құжаттарды осы ХҚКО-нан алып кету мүмкіндігі де ұсынылады.

Ұзартылған күннің іске қосылуы қосымша хабарланатын болады.

Жаңалықтар
0