04:07 19 Қазан 2017
Тікелей эфир
Астана әуежайы

Астана әуежайы тұрағына уақытша көлік қоюға болмайды

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
10 0 0

Жөндеу жұмыстары нәтижесінде терминал алдындағы тұраққа 1000 көлік сыятын болады

АСТАНА, 7 сәуір — Sputnik. Жұма 7 сәуір күні елордалық әуежай алаңын кеңейту бойынша жұмыстар басталып кетті. Жөндеу жұмыстары біткенше терминал алдындағы тұраққа көлік қоюға болмайды.

"Көліктерді басқа тегін тұраққа қоя аласыздар. Күзетілетін жабық көлік тұрағы бұрынғы режимде жұмыс істейді", — деп ақпарат берді елордалық әуежай өкілдері.

Терминал алдындағы алаң жолаушыларды әкеп салып, алып кету үшін ғана пайдаланылмақ.

Жөндеу жұмыстары біткен соң көлік тұрағына 1000 автокөлік сыятын болады.

"Әуежайға кіріп-шығатын терминалдар саны көбейтіледі, бұл да жолаушылардың уақытын үнемдеуге септігін тигізбек", — деді Астана халықаралық әуежайы басқармасының төрағасы Паоло Ричиотти.

Такси тұрағына арнап арнайы аумақ беріледі, қоғамдық көлік үшін қосымша жүру жолдары енгізілмек.

Басты тақырыптар