Қоғам

Министр: денсаулық сақтау жүйесінде жемқорлық өршіп барады

© Sputnik / Болат ШайхиновЛекарства, деньги
Лекарства, деньги - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осы саладағы жемқорлықпен күресу жолдарын ұсынды

АСТАНА, 9 сәуір — Sputnik. ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде жемқорлық барын мойындады.

Сандық көрсеткіштер мен деректер

Аурухана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Денсаулық сақтау саласындағы ең басты жүз мәселе анықталды

Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Болат Төкежанов құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бағалауына сілтеме жасай отырып, баяндамасында хабарлағандай, жемқорлық деңгейі бойынша денсаулық сақтау жүйесі Қазақстан экономикасының өзге салаларының арасында алғашқы бестікке енеді.

"Бұл жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша жұмыстардың дұрыс атқарылмай жатқандығын көрсетеді", — деді ол. Өткен жыл мен биылғы жылдың алғашқы үш айы ішінде жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін министрлікке тікелей бағынатын денсаулық сақтау ұйымдарының тоғыз лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, олардың жетеуі сотталған.

"Өңірлерде де жағдай мәз емес. Есеп беру кезеңі бойынша денсаулық сақтау басқармасының дерегіне сүйенсек, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жемқорлық қылмыстар жасалғаны үшін 12 қылмыстық іс қозғалып, денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының сегіз басшысы сотталған, оның ішінде ШҚО, Жамбыл және Маңғыстау облыстық басқармаларының басшылары да бар", — дейді Төкежанов.

Биыл Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесіне енген санитарлық-эпидемиологиялық қызмет бұл көрсеткіш бойынша оңып тұрған жоқ деп атап өтті жауапты хатшы. Есеп беру кезеңінде СЭС қызметкерлеріне қатысты 11 қылмыстық іс қозғалды, оның бесеуі — басшыларға қатысты.

Ләззат Ақтаева - Sputnik Қазақстан
Саясат
Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды

Денсаулық сақтау саласындағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстарды бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші — қаржы-шаруашылық қызметтегі құқықбұзушылықтар, әсіресе,  дәрі-дәрмек, медициналық құрылғылар, азық-түлік және басқа да заттарды сатып алу кезінде ұшырасады. Қылмыстардың екінші тобы бақылау-қадағалау және рұқсат беру қызметтеріне байланысты.

Үшінші топ мамандарды аттестациялау кезінде біліктілік санаттары мен сертификаттарды алуға байланысты жасалады және ол аттестациялауды жүргізу механизміндегі кемшіліктердің салдарынан туындап отыр. Ал төртінші топ тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін ұсынушыларды таңдауға және осының аясында дәрі-дәрмек, медициналық құрылғылар, азық-түлік және басқа да заттарды сатып алуға қатысты жасалады.

Денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымы

дәрігер - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Дәрігер – дәрігер емес: денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желідегі бейнені тексеруде

"Біріншіден, біз денсаулық сақтау министрлігінде жемқорлықтың барын мойындаймыз және, өкінішке орай, бұл жайт өршіп барады. Бұл ретте денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымы бір жақты: біз бұған жол бере алмаймыз. Меніңше, баяндамада жемқорлық дамып тұрған аса бір маңызды сала айтылмай кеткен секілді, ол — медициналық білім беру саласы. Бұл мәселеге де жете мән беруге тиіспіз. Жоғары оқу орындарымызда жақсы баға алу үшін оқытушыларға заңсыз сый-сияпат беру дамып келеді. Біз болашақ әріптестерімізді алғашқы күннен осындай әрекетке баулып жатырмыз", — деді Біртанов.

Министрдің сөзіне сүйенсек, бақылауды күшейтумен қатар, жемқорлыққа жағдай туғызып отырған шарттарды жойған жөн. Ол үшін айқындылық пен ашықтық деңгейін көтеретін жүйелі шаралар атқарылуы тиіс. Мәселен, ұжымдық басқару элементтері енгізіледі, яғни қаражатты, бюджетті игеру мәселелерін қадағалау кеңестері мен директорлар кеңестері қарастырады. Сатып алу жоспары, бюджетті бекіту мен оның орындалуын қадағалауға қоғам да араласуы керек деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

"Мемлекеттік медициналық ұйымдарда жариялылық болуы қажет, бұл жоғары оқу орындарына да қатысты. Екіншіден, халықпен байланыс орнату керек. Бүгін интернеттің арқасында әлеуметтік желілердегі арыз-шағымдарды бірден көріп, шара қолдануға тырысамыз", — деп Біртанов ойын қорытты.

Жаңалықтар
0