06:01 17 Қазан 2017
Тікелей эфир
шомылу

Дубай билігі жағажайдағы жүріс-тұрыс туралы жаңа нұсқау шығарды

© Sputnik / Александр Кряжев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
69 0 0

Жағажайда жергілікті әдет-ғұрыпқа сай киімде ғана жүруге болады Д

АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Дубай билігі жағажайдағы жүріс-тұрыс туралы жаңа нұсқау шығарды, деп хабарлады  ҚР инвестиция және даму министрлігінің туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали өзінің Facebook желісіндегі парақшасында.

"Дубай муниципалитеті эмират аумағындағы жағажай келушілері үшін нұсқау шығарды: бұзуға болмайтын 7 ереже. Атап айтқанда, жағажайда бұрынғыша от жағып, заңсыз сауда-саттық жасап, адамдарды суретке түсіруге болмайды", — делінген жарияланған мәтінде.

Бұдан бөлек барша суға түсетіндерге өз заттарына мұқият болып, оларды қараусыз қалдырмауға кеңес берді. Жағажайда жергілікті әдет-ғұрыпқа сай киімде ғана жүруге болады. 

"Жағажайдан тысқарыда суға шомылатын киіммен жүруге де тыйым салынады. Бұдан бөлек жағажайда түнеуге болмайды — бұл ереже жұлдыздарға қарап жатуға әуестенетіндерге қатысты", — деп жазады Иғали.

Оның сөзіне қарағанда, жағажайда болу ережелерін бұзу айыппұл төлеуге, кей жағдайда қылмыстық қудалауға әкеп соқтыруы мүмкін.

Басты тақырыптар