Қоғам

ОҚО-ның 2 мың тұрғыны солтүстік және орталық өңірлерге қоныс аударады

© Sputnik / Болат ШайхиновТамара Дуйсенова
Тамара Дуйсенова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
672 отбасы өз еркімен солтүстік және орталық өңірлерге көшуге ниет танытқан

АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысында 672 отбасы өз еркімен солтүстік және орталық өңірлерге қоныс аударуға ниет білдіріп отыр деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

"Азаматтардың еңбек мобилдігін арттыру үшін үкімет қаулысымен халық көшірілетін төрт облыс пен оларды қабылдайтын жеті өңір анықталды. Биылғы жылы оралмандарды қос алғанда қоныс аударушылардың ішкі квотасы 2,7 мың адам мөлшерінде бекітілді", — деп баяндады Дүйсенова бүгін үкімет отырысында.

Министр атап өткендей, осы мақсатта өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін ұйымдастыру жоспарланған. Бұл жәрмеңкелерге тұрғындар қоныс аударылатын өңірлердің жұмыс берушілері қатысады.

Тамара Дүйсенова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Дүйсенова: Зейнет жасын көтерудің алғашқы кезеңіне іліккен әйелдер ұтады

"Осындай бірінші шара 3-5 сәуір аралығында Оңтүстік Қазақстан облысында өткізілді. Оның қорытындысы бойынша өңіраралық ынтымақтастық жөнінде ОҚО мен төрт өңір арасында меморандумдарға қол қойылды. 672 отбасы, бұл 2000 адам өз еркімен солтүстік және орталық өңірлерге көшуге ниет танытты. Олар жәрмеңке кезінде ұсынылған жұмыс орындарына орналастырылады", — деді Дүйсенова.

Алдағы бір жарым айда Маңғыстау, Жамбыл және Алматы облыстарында осындай бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізілмекші.

"Бұл жұмысты шекара жанындағы өңірлерді дамыту мәселелерімен үйлестіре жүргізіп жатырмыз. Қазіргі кездегі нәтижелер ішкі қоныс аудару ауқымы жоспарланған межеден әлдеқайда көп болатынын көрсетіп отыр. Осыған орай біз республикалық және жергілікті бюджеттерде қарастырылған шығындарды қайта қарау жөнінде ұсыныс жасайтын шығармыз", — деді ол.

Ішкі қоныс аударуды ынталандыру жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жаңа бағдарлама аясында жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні бағдарламаға қатысушылардың саны сексен мыңға жеткен, оның елу пайыздан астамы ауыл тұрғындары.

"Жаңа бағдарламаның негізгі мақсаты — азаматтарды жаппай оқыту арқылы өздігінен жұмысқа тұруын қолдау немесе несие беру арқылы өз кәсібін ашуға мүмкіндік жасау", — деп атап өтті Дүйсенова.

Жаңалықтар
0