04:09 19 Қазан 2017
Тікелей эфир
мұсылмандар

Әлемде 20 жылдан кейін мұсылмандардың саны артады

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
19 0 0

2050 жылға дейін Үндістан мұсылмандардың ең көп жиналған жеріне айналады

АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Әлемде 20 жылдан кейін мұсылмандардың саны артады, деп жазады Muftyat.kz.

Pew Research Centre компаниясының бір топ зерттеушісінің хабарлауынша, мұсылмандар арасындағы туу көрсеткіші өсіп келеді. Мамандардың сөзіне сүйенсек, туу көрсеткіші осындай қарқынмен өсе берсе, 2035 жылға қарай жаңа туған мұсылмандар саны христиан сәбилеріне қарағанда 1 миллионға артық болады екен, ал осы ғасыр соңына таман ислам әлемдегі ең көп тараған дін болады.

Сараптама мәліметінше, 2035 жылға қарай 225 миллион мұсылман қыз-келіншектері балалы болып, ана атанады екен, ал христиан дініндегі әйелдер 224 миллион нәрестені дүниеге әкеледі. 20 жылдан соң екі дін өкілдері арасындағы бала туу алшақтығы бес миллионға жетуі мүмкін.

2010-2015 жылдар арасында бүкіл әлемде дүниеге келген 31% сәби мұсылман отбасында дүниеге келген.

Сарапшылардың айтуынша, соңғы жылдары христиандар арасындағы туу көрсеткіші азайған жоқ, бірақ ислам дінін ұстанушылардың көрсеткішіндей жылдам өспеген.

Pew Research Centre болжауынша, 2050 жылға дейін Үндістан мұсылмандардың ең көп жиналған жеріне айналады. Бұл елде бірнеше жылдан кейін 300 миллион мұсылман өмір сүретін болады.

Басты тақырыптар