06:11 17 Қазан 2017
Тікелей эфир
Медициналық университет

Қазақстанда тоғыз медициналық ЖОО оқытушыларының білімін бағалайды

© Sputnik /
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
47 0 0

Педагогикалық құзыреттілік 5 бағыт бойынша бағаланады: кәсіби маман, көшбасшы/ұйымдастырушы, тиімді мұғалім, зерттеуші/ғалым,коммуникативтік дағдылар.

АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. 2017 жылдың сәуір айында Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында денсаулық сақтау саласындағы білім беру мекемелерінің педагогикалық қызметкерлеріне кешенді тестілеу өткізіледі, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамынан тыс жалпы білім сапасын тәуелсіз бағалаудың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы медицина саласында жоғары деңгейде білім беретін мекемелердің оқыту сапасын анықтау және халықаралық тәжірибені ескере отырып, медициналық білім беру жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар қабылдау. Бағалауға резидентура бағдарламасы бойынша медицина саласының мамандарын дайындайтын мемлекеттік және жеке ЖОО қатысады.

Мұғалімдердің білімін тәуелсіз бағалау 2017 жылдың 26-28 сәуір аралығында өтеді. Тәуелсіз бағалауға медицина саласындағы 9 жоғары оқу орындары қатысады: Астана медициналық университеті; С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті; Қарағанды мемлекеттік медицина университеті; Батыс-Қазақстан мемлекеттік медицина университеті; Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті; Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы; Қазақстан-Ресей медицина университеті; Қ. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті; Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті.

Педагогикалық құзыреттілік 5 бағыт бойынша бағаланады: кәсіби маман, көшбасшы/ұйымдастырушы, тиімді мұғалім, зерттеуші/ғалым,коммуникативтік дағдылар.

Кешенді компьютерлік тестілеу педагогтардың өзін-өзі бағалауына мүмкіндік береді және олардың пән бойынша теориялық дайындықтарының деңгейін анықтап қана қоймай, жалпы білім берудің тиімділігін бағалауға негізделеді. ЖОО оқытушыларын бағалау мемлекеттік тапсырыс (грант) аясында жоғары оқу орындары ұсынған білім беру қызметтерінің сапасын салыстырмалы түрде талдауға мүмкіндік береді.

Тексерудің нәтижесі бойынша оқытушылар үшін кәсіби және педагогикалық құзіреттілікті дамыту жеке жоспары жасалып, педагогтардың білімін әрі қарай жетілдіру мақсатында Назарбаев университеті, ҚР медициналық ЖОО-ның жетекші шетелдік әріптес-университеттеріне шетел мамандары шақырылатын болады.

Басты тақырыптар