10:34 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Қуандық Бишімбаев

Исекешев экс-министр Бишімбаевты туған күнімен құттықтады

© Foto: ortcom.kz
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
84 0 0

Қамауда отырған Қуандық Бишімбаевты әріптестері туған күнімен құттықтап жатыр

АСТАНА, 11 сәуір — Sputnik. Ірі көлемде ақша жымқырды деген айыппен тергеліп жатқан бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты достары мен әріптестері туған күнімен құттықтап жатыр.

Бүгін Бишімбаев 37 жасқа толды. Айта кетсек, экс-министрге бірнеше мәрте пара алды, сондай-ақ Қызылорда қаласындағы шыны зауытын салу кезінде 1 миллиард теңге жымқырды деген айып тағылып, ол 12 қаңтардан бері қамауда отыр. Қамау мерзімі 10 мамырға дейін ұзартылды. 

Бишімбаевты фейсбукте жариялы түрде туған күнімен құттықтағандардың ішінде Астана әкімі Әсет Исекешев, қазақстандық блогерлер альянсының жетекшісі Ғалым Байтұқ, қоғам белсендісі Алмаз Ержан бар.

"Туған күн құтты болсын! Денсаулық, төзімділік пен күш-жігер тілеймін!", — деп жазған елорда басшысы.

Әлеуметтік желіде экс-министрдің достары оның Қызылордада шыны зауытын салуға және елімізде инновациялық технологияларды дамытуға күш салғанын еске алып, оған денсаулық пен төзім тіледі.

"Жас және үлкен үміт күттірген шенеунік "ағашылдық" пен жемқорлыққа шырмалған мемлекеттік жүйенің құрбаны болды. Өте өкінішті, сонда да оны туған күнімен құттықтаймын! Денсаулық, сабырлылық пен табандылық тілеймін", — деп жазады блогер Байтұқ.

Басты тақырыптар