16:37 21 Шілде 2017
Тікелей эфир
Мекке

Меккеге қажылыққа аттанбас бұрын қандай екпе жасатқан жөн

Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1210

Дәрігерлер кейбір елдерге саяхаттамас бұрын екпе жасау қажеттігін түсіндірді

АСТАНА, 19 сәуір — Sputnik. Мекке мен Мәдинаға қажылыққа баратын қазақстандықтар мен басқа да туристтерге жұқпалы дертке қарсы екпе жасатуға кеңес берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Менингококк инфекциясына қарсы екпе жасауға кеңес береміз, әсіресе Сауд Арабиясына қажылыққа аттанар алдында, Сауд Арабия үкіметі мұны міндетті түрде талап етеді. Және де бұл екпемен қатар сары безгекке қарсы екпені жолға шығардан 10 күн бұрын жасатқан жөн, сонда иммунитет қалыптасып үлгереді", — деді санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалар ғылыми-тәжірибелік орталығының эпидомониторинг департаменті директоры Айнагүл Қуатбаева.

Бірақ Қазақстанда сары безгекке қарсы екпе жасайтын бірде-бір орталық жоқ екен. Сол себепті туристтерді Мәскеу арқылы, оның ішінде Шереметьево әуежайы арқылы ұшырып, сол жердегі медпунктте екпе жасатқызады.

Жапония, Таиланд, Лаос, Қытай елдеріне саяхатқа шыққысы келетін туристтер жапон энцефалитіне қарсы екпе жасатқаны дұрыс. Ал, Германия мен Ресейдің Қиыр Шығысына аттанбас бұрын кене энцефалитіне қарсы егілу керек.

Қуатбаеваның айтуынша, сары безгектен басқа екпелерді жасатпаған адамдарға виза берілмейді деген шектеу жоқ, бұл ақыл-кеңес саяхатшының қауіпсіздігі үшін айтылады.

Басты тақырыптар