09:54 23 Қараша 2017
Тікелей эфир
су тасқыны

Билік су басқан ауыл қызының шағымын тексерді

© Foto: пресс-служба КЧС МВД РК
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Су тасқыны (30)
9601

Ақтөбе облысында су басқан ауыл қызының отбасы барлық қажеттікпен қамтамасыз етілген, деп мәлімдейді билік

АСТАНА, 19 сәуір — Sputnik. Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен өзге отбасыларға секілді 10 жасар Махабат Ешимованың отбасына да барлық қажетті әлеуметтік көмек көрсетулуде, деп хабарлайды Ақтөбе облысының ақпарат орталығы.

Жуырда БАҚ пен әлеуметтік желілерде 4-ші сынып оқушысының Махамбет ауылындағы үйде мектепке киетін киімдері мен оқулықтарының қалып қойғандығы туралы әсерлі бейнежолдауы жарияланған болатын.

Аталмыш бейнежолдауға қала билігі жедел әрекет етіп, қазіргі таңда Махабат пен оның анасы Тұрғангүл Ешимова уақытша тұрып жатқан №40 мектепке барып қайтты. Баланың өтініш-арызын қала әкімінің орынбасары Ләззат Оразбаеваның өзі тыңдады.

"Айта кетейік, тасқыннан зардап шеккен өзге отбасылардың балалары секілді бұл оқушы да мектепке қажетті барлық құрал-жабдықтармен және оқулықтармен қамтамасыз етілді", — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, уақытша орналастыру бекеттеріне көшірілген азаматтарға барлық жағдай жасалған: ыстық тағаммен төрт рет тамақтандыру, көрпе-төсек, жатын орындары беріліп, әлуметтік көмектің өзге де түрлері көрсетілуде. Күн сайын қайырымды жандар бекеттерге азық-түлік. Киім-кешек, гигиеналық құралдар мен өзге де қажетті заттар әкеліп беруде.

Тақырып:
Су тасқыны (30)

Басты тақырыптар