03:45 21 Ақпан 2018
Тікелей эфир
Мобильный телефон

Елорда тұрғыны экстремисттік сипаттағы материал таратқаны үшін жауапқа тартылады

© Sputnik / Игорь Руссак
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
24 0 0

Әйел адам таратқан материалдар қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайды деп бағаланды

АСТАНА, 20 сәуір — Sputnik. Экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша басқарма қызметкерлері таныстарына экстремисттік сипаттағы бейнематериалдар жіберген елорда тұрғынын әкімшілік жауапқа тартты, деп хабарлайды Астана ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция хабар бергендей, 33 жастағы әйел WhatsApp арқылы қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын бейнематериалдарды таратқан.

Заңнама бойынша қатыгездiкке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтер мен материалдарды Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау үшін, қылмыстық құқықбұзушылық белгілері болмаған жағдайда, ҚР ӘҚБК 453-бабына сәйкес әкімшілік жауапқа тарту қарастырылған.

Басты тақырыптар