Қоғам

Еліміздің үш облысында қар көшкініне байланысты дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Овчинников / Медиабанкке өтуҚар көшкіні
Қар көшкіні - Sputnik Қазақстан
Жазылу
20-23 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады

АСТАНА, 20 сәуір — Sputnik. Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында қар көшкіні болуы мүмкін, деп хабарлады "Қазгидромет" баспасөз қызметі.

"Қар жамылғысының биік болуына және жылымықтың әсеріне байланысты Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік-Қазақстан облыстарының таулы аудандарында 20-23 сәуір аралығында қар көшкіні болуы мүмкін", — деп хабарлады метеоқызмет.

Қаркөшкіннің жүруіне түрткі болмау үшін тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады.

Жаңалықтар
0