11:00 24 Маусым 2018
Тікелей эфир
  • USD340.27
  • EUR396.31
  • RUB5.39
Портфель

Сенатор Бірғаным Әйтімова депутаттардың санасын жаңғырту туралы пікір білдірді

© Sputnik / Илья Питалев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
73 0 0

Бірғаным Әйтімова барлық қазақстандық депутаттардың азаматтық сана-сезімі бар деп мәлімдеп, әрбір азаматты елдің игілігі үшін үлес қосуға шақырды

АСТАНА, 20 сәуір — Sputnik. Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова Қазақстанда қоғамның санасын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Ұлттық комиссия құру мәселесі жөнінде ойын білдірді.

"Негізгі мақсат — жастар арасында ғана емес, бүкіл азаматтар арасында патриотизмді дамыту, тарихи-мәдени құндылықтардың маңыздылығын анықтау, өз отанын ұғындыру", — деді Әйтімова сенаттың жалпы отырысынан соң тілшілерге.

Сенатор "депутаттардың санасын жаңғырту керек пе" деген сұраққа да жауап берді.

"Жоқ. Депутаттар сана-сезімі бар адамдар, санасыз депутаттар арамызда жоқ. Депутаттарға сын айтқанға шеберсіздер, онда мен сіздерге бір сауал қояйын: "Оларды кім сайлады?" Сайлаушылар сайлады емес пе. Сенаторларды да мәслихаттар арқылы сайлайсыздар. Міне, солай. Талап етіңіздер. Қызметке лайықты адамдарды сайлаңыздар. Менің пікірімше, халық лайықты депутаттарды сайлаған", — деді ол.

Оның сөзіне сүйенсек, қоғамның санасын жаңғырту — "аса заманауи идеялардың бірі".

Басты тақырыптар