Қоғам

Желіде танымал ТОП-15 қазақстандық кәсіпкер

Жазылу
Рейтинг Яндекс пен Google іздеу жүйесінде соңғы бір ай ішінде сұрау санына негізделген

АСТАНА, 20 сәуір — Sputnik. Интернет кеңістігінде ең танымал қазақстандық кәсіпкерлердің рейтингін халықаралық "Гусаров Групп" консалтинг агенттігі жасады.

Рейтинг Яндекс пен Google іздеу жүйесінде 2017 жылғы19 наурыз бен 19 сәуір аралығында сұрау санына бойынша жасалды. Көшті "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев бастап тұр. Екінші орынға ERG өндіру компаниясының тең иегері Алиджон Ибрагимов орналасқан, ТОП-3 ең бай қазақстандық Болат Өтемұратов жабады.

Үшеуі де Forbes. болжамы бойынша әлемнің ең бай адамдарының қатарына кіреді. Рейтингте төртінші және бесінші орынды Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаева мен "мыс" магнаты Владимир Ким иеленді.

Одан әрі тізімде келесі бизнесмендер бар:

 

  • Арманжан Байтасов
  • Ибрагим Бақыт
  • Санжар Алтаев
  • Айгүл Нүриева
  • Сейтжановтар отбасы
  • Юрий Пак
  • Уалихан Нурмухамедов
  • Мукашевтер отбасы
  • Fйдын Рахымбаев
  • Дінмұхамет Ыдрысов

 

Жаңалықтар
0