03:32 27 Сәуір 2017
Тікелей эфир
Түрме

Батыс Қазақстан тұрғыны Сирияға жіберуге адам жинап, теракт әзірлеуге қатысқан

© Sputnik / Владимир Федоренко
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
77 0 0

Батыс Қазақстан тұрғыны Сириядағы террорлық ұйымдарға адам жинап жіберген

АСТАНА, 21 сәуір — Sputnik. Сирияда "Ислам мемлекеті" террорлық тобы қатарында соғысу үшін азаматтарды жинаған Батыс Қазақстан тұрғыны Украинадан экстрадицияланып, Қазақстанда сотталды, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Басылым облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап хабарлағандай, 42 жастағы Руслан Хамзулинов былтыр Украина аумағында ұсталған, ол жақта Қазақстан мен Ресейдегі террорлық шабуылдарды дайындауға қатысқан екен. Бұдан бөлек, "Ислам мемлекеті" террорлық тобы (Қазақстанда, Ресейде және т. б. елдерде тыйым салынған) қатарында соғысу үшін адамдар жинап, Сирияға жіберген.

Отанына экстрадицияланғаннан соң ер адам ҚР ҚК бес бабы бойынша айыпты деп танылды. Сот оның мүлкін тәркілеп, он жылға бас бостандығынан айырды.

Басты тақырыптар