Қоғам

Астанада лифт құлап түскен екі оқиғадан кейін тексеріс жүргізілмек

© Sputnik / Алексей Ничукин / Медиабанкке өтуЛифт. Архивное фото
Лифт. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанадағы барлық лифт шаруашылығы компанияларының жұмысы тексеріледі

АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. Астана әкімі Әсет Исекешев барлық лифт шаруашылығының тиісті мамандары мен қаржыландырудың бары-жоғын тексеруді тапсырды, деп хабарлайды Elorda.info.

Бұл шешім "Эдем палас-2 тұрғын үй кешенінде лифт құлап түскен екі оқиғадан кейін қабылданып отыр. 

лифтіні жөндеу - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада ішінде 8 адам болған лифт төменге түсіп кетті

"Аудан әкімі мен тұрғын үй инспекциясының, басқарушы компанияның басшысы бірден оқиға болған жерге келуі тиіс еді. Мәселені көтеріп, шешім қабылдауы қажет еді. Кісі өлімі болса не болар еді? Бұған сіздердің ешқандай да қатыстарыңыз жоқ па?", — деп кейіді Әсет Исекешев тұрғын үй инспекциясы басшылығына қалалық әкімдікте өткен кеңесте

Осыған байланысты қала әкімі өзінің бірінші орынбасары Андрей Лукинге прокуратурамен бірлесіп, елордадағы барлық лифт шаруашылығы компанияларының жұмысын тексруді тапсырды.

"Прокуратурамен бірге барлық лифттік компаниялардың мамандарының, қаражатының бар-жоғын тексеріп шығу қажет. Бірінші кезекте адамдар туралы ойлау керек", — деді Исекешев.

Астана әкімі он күн ішінде компаниялардың жұмысына талдау жүргізуді тапсырды.

Еске  сала кетейік, 13 сәуірде "Эдем палас-2" тұрғын үй кешенінде кішкентай баланы қосқанда барлығы жеті адам мінген лифт алтыншы қабаттан құлап түскен болатын. Ешкім зардап шеккен жоқ: құтқарушылар алты ересек адам мен 8 жасар мектеп оқушысын төтенше уақиғадан бір сағат өткен соң ғана құтқарып алған.

21 сәуірде дәл сол тұрғын үй кешенінде үйдің бір тұрғыны мінген лифт 17 қабаттан құлады. Қосымша арқан ғана құрылғыны 8 қабатта тоқтатуға мүмкіндік берген.

 

 

 

Жаңалықтар
0