Қоғам

Халық бірлігі күніне орай Sputnik Қазақстан видеожоба бастады

© Photo : ДВД Южно-Казахстанской областиНаурыз
Наурыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан бүкіл этнос өкілдерін біріктіреді

АСТАНА, 21 сәуір — Sputnik баспасөз қызметі. Халық бірлігі мерекесі қарсаңында Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігі мен радиосы "Қазақстан. Біз біргеміз" поэзиялық эстафетаны бастады. Елдің ірі диаспора өкілдері бейнероликтер сериясында, әртүрлі жастағы және әртүрлі маманға ие адамдар өз тілінде сүйікті ақындарының өлеңін оқиды. 

КСРО президенті Михаил Горбачевтің Қазақстанға іссапары - Sputnik Қазақстан
Sputnik Қазақстанның тұңғыш президенті күніне орай фотокөрме ашты

Бірлік пен келісімге әлеуметтік желі пайдаланушылары да өз үлестерін қоса алады, ол үшін бар болғаны Sputnik ресми аккуантында Бірлік күніне орай қазақ немесе орыс тілінде бір шумақ құттықтауды #МыВместе хэштегімен жарияласа болғаны. Үш үздік поэзиялық құттықтау сайтта жарияланып, ал олардың авторлары Sputnik агенттігі ұсынған сувенирге ие болады. 

Жобаның тұсауын шешен-ингуш диаспорасы ақсақалдар алқасының мүшесі Муса Долаков кесіп, ақын Даут Хамхоевтың өлеңін оқиды. Жоба 1 мамыр – Қазақстан халық бірлігі күні жабылады. Ол күні жобаның барлық қатысушылар жас ақын Виктория Запунидидің "Моя Родина — Казахстан" өлеңін оқиды.

Sputnik Қазақстан жетекшісі Ольга Коваленко: "Қазақстан. Біз біргеміз" жобасы еліміздің көпұлтты халқын біріктіруге бағытталған. Sputnik агенттігі таңдаған поэзия форматы тіл мен мәдениеттің саналуандығына қарамастан біздің ортақ үйіміз – Қазақстан екенін көрсетуге мүмкіндік береді". 

Sputnik Қазақстан елімізде 2016 жылы қыркүйектен бастап қызмет етіп келеді. Агенттік активіне қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық портал, ғаламторлық радио және жоғары технологиялы мультимедиялық баспасөз орталығы кіреді. Sputnik Қазақстан ондаған елдерде таралған халықаралық ақпараттық агенттік пен радионың құрамдас бөлігі болып табылады. Sputnik агенттігінің 30-дан астам тілдердегі сайттары, аналогтік және сандық көрсетілімдері, ұялы телефондарға арналған қосымшалары және әлеуметтік желілерде парақшалары бар. Sputnik жаңалықтар лентасы тәулік бойы ағылшын, араб, испан және қытай тілдерінде шығады.

Жаңалықтар
0