Қоғам

Дін министрі қысқа балақ пен сақалға тыйым салу ұсынысына қатысты түсініктеме берді

© AP Photo / Petros Karadjiasникаб киген әйел
никаб киген әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы дәстүрге сай емес діни ағымдардың киімін киюге заңнамалық деңгейде тыйым салу мәселесін пысықтауды ұсынған болатын

АСТАНА, 2 мамыр — Sputnik, Айымгүл Әбіл. Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев қысқа балақ пен сақалға тыйым салу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Елбасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен кездескенде анық айтты, сақал, қысқа балақ пен қара жамылғы — ол кез келген киім емес. Мемлекет басшысы айтқандай, бізде киім тігуге бостандық бар, ол бостандыққа әрбір азамат ие. Сонымен қатар, әдейілеп тұрып, діни сипаттағы киім киіп жүрген, өздерін қоғамнан оқшау ұстауға тырысып жүргендер арасында алдымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Өйткені олар бізге, Қазақстан xалқына, қазақ xалқына да, жат киімдерді киіп, өздерін қазақ xалқының өкілдері емес, бөтен елдердің өкілдері сияқты көрінеді. Өзіңіз жақсы білесіздер, басқа елдерде, мысалы Таяу Шығыста жергілікті азаматтарға да, басқа жақтан келетін туристерге де киім жағынан бірқатар талаптар қойылады. Ал біз өзіміздің қазақ xалқына тән киімдерімізді және қазіргі заманауи киімдерді киіп жүреміз", — деді Ермекбаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслиxатында.

Министр бұл мәселенің өте нәзік екенін айтып, түбегейлі шешім қабылданбас бұрын қоғаммен бірге жан-жақты талқыланатынын айтты.

Женщина в парандже, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы қыздардың қара жамылуына тыйым салуды ұсынды

"Сондықтан бұл мәселе өте өзекті әрі нәзік. Сондықтан оны жан-жақты зерттеп, үкімет және азаматтық қоғам салиқалы бір шешімге келеміз деп ойлаймын", — деді ол.

Айта кетсек, Елбасы дәстүрге сай емес діни ағымдардың киімін киюге заңнамалық деңгейде тыйым салу мәселесін пысықтауды ұсынған болатын.

"Діни сауатсыздығының нәтижесінде жастарымыз сақал қойып, шалбарының балақтарын қысқартып тастайды. Қара көйлек киіп, беті-аузын тұмшалаған қыздарымыздың қатары көбейді. Бұл біздің дәстүрімізге де, халқымызға да жат. Бұған заңнамалық деңгейде тыйым салу мәселесін пысықтау керек. Қазақ қара киімді қаралы кезде ғана киеді", – деген еді Мемлекет басшысы.

Жаңалықтар
0