20:51 17 Қаңтар 2018
Тікелей эфир
Интернет

Қазақстанда 60-тан астам сайт есірткі таратқаны үшін бұғатталды

CC0 / Tookapic
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
19 0 0

Анықталған сайттардың басым көпшілігі синтетикалық есірткілерді тарату туралы ақпарат беріп отырған

АСТАНА, 3 мамыр — Sputnik. Ішкі істер министрлігі ақпарат және коммуникациялар министрлігінің көмегімен 61 интернет-ресурсты бұғаттады деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз хатшысы Алмас Сәдубаев.

"Биыл алғашқы үш айда ІІМ есірткінің заңсыз айналымына қатысты 94 интернет-ресурсты анықтады, олардың алтауы Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан және 89 — өзге елдердің аумағында", — деп жазды Сәдубаев әлеуметтік желіде.

Оның берген мәліметіне сүйенсек, ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесе отырып 61 сайт бұғатталған. Анықталған интернет-ресурстардың 84-і синтетикалық есірткілерді тарату туралы ақпаратты қамтыған.

Басты тақырыптар