21:05 20 Қаңтар 2018
Тікелей эфир
Алматыдағы атыс

Ішкі істер бөлімі басшысы Алматыдағы теракт кезіндегі әрекетсіздігі үшін сотталуда

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
114 0 0

Алматы қаласы Алмалы аудандық соты "алматылық атқыш" Руслан Күлекбаевтың аудандық ішкі істер бөліміне жасаған шабуылы кезінде салғырттық пен әрекетсіздік танытқаны үшін айыпталып отырған үш бұрынғы полицейге қатысты қылмыстық істі тыңдауға кірісті

АСТАНА, 3 мамыр — Sputnik. Алматы қаласы Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Асқар Болатов пен оның қол астындағы екі қызметкері Қайрат Аманжолов пен Сырым Баймеңдиев 2016 жылғы 18 шілдеде болған Алматыдағы терактіге қатысты атышулы қылмыстық істің фигуранттары атанды.

Соттың баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан сауалына берген жауабында хабарлағандай, Асқар Болатов, Қайрат Аманжолов пен Сырым Баймеңдиев қызметі кезінде әрекетсіздік пен салғырттық танытты деген айыппен сот алдына келді. Екі отырыстан кейін Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының қаулысымен басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық-процестік заңнамаға қатысты кемшіліктер жойылу үшін қылмыстық іс прокурорға қайтарылды.

Үш айыпталушыға қатысты бұлтарпау шарасы бұрынғыдай қала береді: Болатов кепілмен қамаудан босатылған, Аманжолов пен Баймеңдиев ешқайда шықпауға қолхат жазып берген.

Теракт жасалған кезде Болатов Алмалы аудандық ішкі істер бөлімін басқарған болатын, бірақ кейінірек қызметтен босатылған еді.

Басты тақырыптар