Қоғам

Қыдырәлі мен Қарақат сәбилі болды

Жазылу
Қарақат бесінші баласын дүниеге әкелді

АСТАНА, 15 мамыр — Sputnik. Қыдырәлі Болман мен Қарақат Әбілдина сәбилі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әнші Қарақат - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Қарақат жұбайына тоқал іздеуі туралы бар шындықты айтып берді

Қыдырәлі Болман инстаграмдағы парақшасында қазақ елінен сүйінші сұрап, отбасындағы қуанышымен бөлісті.

"Сүйінші, Қазақ Елі! Жүрегім қуанышқа толып, Алла бере салған Бақыттың "іңгәсін" естіп,кішкене абдырап,түс көріп жатқан жоқпын ба десем,ояумын,қызық та қуанышты,өң мен түс араласып кеткендей,бақыттың "нокдаун"-нан есеңгіреп қалғандай ғажап бір хәлдемін…Бәріңізбен бөліскім келеді! Қазақтың шексіз Ұлы даласына жар салып, айқайлағым келеді! Сіздерге де осындай шексіз бақыт тілеймін! Аллаға сансыз мадақ айтамын! Мейірімді Алла берекесімен бергей! Жүрегiн иман нұрымен нұрландырып, өзін де,мінезін де көркімен,ұзақ ғұмырымен,баянды Бақытымен,өзінің сүйікті құлдарының қатарынан етіп,екі өмірдің абыройын нәсіп еткей! Барлық періште-сәбилерге де тілегім осылай", – деп жазады Қыдырәлі.

Қыдырәлі мен Қарақаттың отбасында көптен күткен қыз бала дүниеге келді. Әншілер төрт ұл тәрбиелеп отыр.

Жаңалықтар
0