16:55 24 Қараша 2017
Тікелей эфир
ЭКСПО

Швейцария ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу үшін қанша қаражат жұмсады

© Foto: посольство Швейцарии в РК
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі (87)
134 0 0

Астанадағы Швейцария павильоны Испаниядағыдан қымбатқа түсті

АСТАНА, 15 мамыр — Sputnik. Астанада халықаралық мамандандырылған көрменің басталуына бір айға толмайтын уақыт қалды. Павильондарда жұмыс қауырт жүргізіліп жатыр: ұйымдастырушылардың есебі бойынша, қатысушылар нысандарын мамыр айының басында тапсыру керек болатын, бірақ құрылыс жұмыстары ай соңына дейін жалғасатын сияқты. Дегенмен кейбір елдер ұлттық павильондарын таныстырып, ол аумақта нендей қызықтардың болатынын мақтанышпен жеткізуде. Ал қаржы шығынына көп ешкім назар аудармайтындай көрінеді.

Қаржы мәселесі сөз емес

Швейцария дайын нысанды бірінші болып ұсынып қана қоймай, бюджет туралы сұраққа да алғашқылардың бірі болып жауап берді – 3,8 миллион еуро, оның ішінде стендті жасауға 1,6 миллион еуро жұмсалған.

"ЭКСПО-2017 көрмесіне жұмсалған бюджет Сарагоста (Испания) 2008 жылы өткен дүниежүзілік көрменікінен асып кетті, бірақ 2012 жылы Йосудағы павильоннан қымбатқа түскен жоқ. Оның үстіне, бізге берілген аумақтың ауданы да кішірек – 560 шаршы метр", — деді Швейцария ұлттық павильонының комиссары Мануэль Залхли Берн кантонындағы Ла Нёвилль қаласында өткен баспасөз мәслихатында.

Павильон басшының айтуынша, Швейцария көрмеге қатысар болса, бәрі елдің мәртебесіне лайықты деңгейде болуы тиіс.

Адам капиталы

Қазақстан мен Швейцария шілде айында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылуының 25 жылдығын атап өтеді. Осы оқиғаның маңыздылығын көрсетіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан сайын арттыру мақсатында көрмеге келушілерді қарсы алатын персонал Қазақстанда жасақталды.

"Біз жастардың дайындық деңгейін көріп, қатты таңғалдық. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді, бір немесе бірнеше Еуропа тілдерін меңгерген", — деді павильон басшысы.

Швейцариялықтар ЭКСПО көрмесіне келеді ме?

Швейцария азаматтары ЭКСПО көрмесінде жұмыс істеу үшін ғана емес, турист болып келуді де жоспарлап отыр. Бірақ нақты санын алдын ала болжап айту қиын.

Эйфель мұнарасы
© Sputnik / Александр Юрьев

"Қазақстан визасыз режим енгізген, сол себепті нақты ақпарат бере алмаймыз. Астанадағы ЭКСПО туралы швейцариялықтардың бәрі біледі деп айта алмаймын. Дегенмен, бір білетінім, өзім танитын адамдар Астанаға барып қана қоймай, бүкіл Қазақстанды аралап шықпақшы", — деді Швейцария шетел істері министрлігі жанындағы Swissnex мобильді кеңсесінің менеджері Филипп Росле.

Swissnex ұлттық павильон ішіндегі шағын зертхананың жұмысына жауап береді, бұл зертханада "жасыл" энергетика саласындағы Швейцария тәжрибесімен таныса аласыздар.

Айта кететін бір жайт, Швейцария президенті әрі энергетика министрі Дорис Лойтхард ЭКСПО-2017 көрмесіне келеді. Онымен бірге SolarStratos атты күн батареясымен ұшатын әлемдегі ең алғашқы ұшақтың пилоты Рафаэль Домжан да келеді екен.

Тақырып:
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі (87)

Басты тақырыптар