Қоғам

Алматы қалалық сотының төрағасы қайтыс болды

Жазылу
Ақжан Ештай Жоғары және бірнеше облыстық соттарда 30 жыл бойы қызмет еткен

АСТАНА, 15 мамыр — Sputnik. Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай қайтыс болды, бұл туралы Алматы соттары администраторының ақпараттық қамсыздандыру бөлімінің басшысы Дияс Махамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Кеше 14 мамырда Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Жайлауханұлы Ештай 56 жасында кенеттен қайтыс болды", — деп жазды Дияс Махамбетов.

Ақжан Ештай 1961 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Екпінді ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінде заң факультетін тәмамдаған. Ақжан Ештай 30 жыл бойы сотта қызмет еткен екен.

Жаңалықтар
0