Қоғам

Астанада оралмандарды баспана кезегінен алып тастауы мүмкін

CC0 / / Ключи
Ключи - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әскери қызметшілерді де тізімнен шығарып, жеке кезекке тұрғызу қарастырылмақ

АСТАНА, 15 мамыр — Sputnik. Астанада оралмандар мемлекеттік қордан берілетін баспана кезегінен алынып тасталуы мүмкін. Әскери қызметшілерді де тізімнен шығарып, жеке кезекке тұрғызу қарастырылмақ, деп хабарлады Elorda.info.

"Біз бірнеше мәрте ұсыныс жасадық және сол пікірде қаламыз, аталған категорияны кезектен алып тастау қажет. Біздің ұсынысымыз қазір үкіметте қызу талқыланып жатыр", — деп хабарлады қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Руслан Ахметов мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында. 

Строительство, жилье - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жалдамалы баспана енді халықтың екі санаты үшін ғана салынады

Оның айтуынша, мүлікті меншіктен шығарғаннан кейінгі бес жылдық мерзім мәселесін Астана әкімі де қарап жатыр.

"Егер адам мемлекеттік қордан бір мәрте пәтер алған болса, оның тағы бір баспана алуына шектеу қою керек", — деп атап өтті ол.

Белгілі болғандай, оралмандар квота бойынша өңірлердің бірінде баспана орнына ақшалай өтемақы алады, ал мұны дерекқорға енгізу мүмкін емес, кейін елордаға келіп, баспана кезегіне тұра алады екен. 

Сонымен бірге баспана тізімінен әскери қызметшілерді алып тастау мәселесі де қарастырылмақ. Олар бөлек кезекке тұрады және олар үшін несиелеудің жеңілдетілген шарттары ойластырылады. 

Квартиры в Атлетической деревне в Алматы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Универсиада ауылындағы үйлер "Нұрлы жер" бойынша кезекте тұрғандарға берілді

Осылайша басқарма мамандары кезекте тұрған адамдардың санын екі есе азайтпақ. Бүгінгі күні коммуналдық тұрғын үй қоры баспанасына зәру адамдардың саны — 45 516.

Ресми мәлімет бойынша, 25 жыл (1991 жылдың 1 қаңтары мен 2016 жылдың қаңтары) ішінде Қазақстанға 957 764 қандасымыз оралған, егер олардың балаларын, сонымен бірге мемлекеттің бағдарламасының көмегінсіз келгендерді қоса есептейтін болсақ – 1 млн адамнан асады.

Оралмандар Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Маңғыстау облыстарында, оның ішінде Жаңаөзен, Алматы, Астана мен Тараз қалаларында көбірек қоныстанған.

Соңғы толқын оралмандарының басым бөлігі жұмыс оңай табылатын елордаға немесе облыс орталықтарына қоныстануға ұмтылуда. 2014 жылдан бері Астана мен Алматы қоныс аударуға болатын қалалардың тізімінен алынып тасталды. 

 

 

 

Жаңалықтар
0