Қоғам

Жоғалып кеткен ЭКСПО күзет басшысының әйелі халықтан көмек сұрады

CC0 / Arieth / Қыз
Қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ЭКСПО күзетінің жоғалып кеткен басшысының әйелі түсініктемелерге сенбейді

АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik. Сәуір айында жоғалып кеткен ЭКСПО күзет басшысы Берік Құсайыновтың әйелі қазақстандықтарға жолдаған бейнеүндеуінде күйеуін іздеуге көмектесуді сұрады.

Дана Қабдыкешева өз үндеуін YouTube желісінде жариялап, Берікті көргендер болса, кез келген уақытта +7 702 666 0243 нөміріне хабарласуын өтінген.

ЭКСПО-2017 нысандарын күзетумен айналысатын "SSS Group" ЖШС фирмасының басшысы Берік Құсайынов 22 сәуір күні із-түссіз жоғалып кетті. Сағат 19:00-де ер адам әріптестерімен бірге Сабынды ауылына қарай балық аулауға кетіп, қайта оралмаған.

Әріптестерінің айтуынша, ер адам мас күйінде өзінің Тoyota 4Runner көлігіне отырып, белгісіз бір жаққа кетіп қалады. Алайда, әйелі бұл айтылғандарға сенбейді, өйткені күйеуі ішімдік ішпейді екен әрі достарының да берген түсініктемесі бір-бірімен жанаспайды.

Жаңалықтар
0