Қоғам

Астанада КамАЗ жүргізушісі төккен қоқысын қайта жинауға мәжбүр болды

© Photo : Пресс-служба ДВД г.АстанаКамАЗ жүргізушісі тиісті емес жерге қоқыс төгемін деп біраз шығындалды
КамАЗ жүргізушісі тиісті емес жерге қоқыс төгемін деп біраз шығындалды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
КамАЗ жүргізушісі тиісті емес жерге қоқыс төгемін деп біраз шығындалды

АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik. Астанада жүк көлігі жүргізушісіне тиісті емес жерге төккен құрылыс қоқысын қайта жинатқызды, деп хабарлайды елорданың жергілікті полиция қызметі.

қоқыс - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Астанада рұқсат етілмеген жерге қоқыс шығарғандарға 2 миллионнан астам айыппұл салынды

Құрылыс қоқысын төккен жүргізушіні әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жауапқа тартқан.

Ведомство мәліметінше, дүйсенбі 15 мамыр күні сағат 17.15-те құқық қорғаушылар 1987 жылы туған, "КамАЗ" көлігінің жүргізушісін ұстады. Көлікке қатысты құжаттарынсыз шыққан ол үйден 50 метрдей алысқа барып, тиісті емес жерге қоқыс төккен.

Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері тәртіпбұзушыны ҚР ӘҚБК 505-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сот оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салып, төккен қоқысын қайта жинауға мәжбүрледі. Бұдан бөлек, көлікті құжаттарынсыз айдағаны үшін жүргізуші ҚР ӘҚБК 612-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтар
0