Қоғам

Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Сергей Пятаков / Медиабанкке өтуРозы в снегу
Розы в снегу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түнде Астанада және еліміздің алты облысында қатқақ болады

АСТАНА, 17 мамыр — Sputnik. Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлады "Қазгидромет" баспасөз қызметі.

Қызылорда облысында кей жерлерде желдің екпіні — 15-20 м/с, шаңды дауыл соғады, бұршақ жауады.

Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде бұршақ жауады, желдің екпіні — 15-20 м/с.

Алматы, Павлодар, Жамбыл облыстарында желдің екпіні — 15-20, Жамбыл облысында ұйытқуы — 23 м/с.

Маңғыстау, Қарағанды облыстарында желдің екпіні — 15-20 м/с, түнде және таңертең тұман.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман.

Дабылды ескерту

Астанада 17-18 мамыр күндері түнде қатқақ болады деп күтіледі — 1-3 градус.

17 мамыр күні түнде Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, облыстарында, 18 мамыр күні түнде Қостанай облысында 3 градусқа дейін қатқақ болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында 17-18 мамыр күндері түнде басым бөлігінде, 19 мамыр күні кей жерлерде қатқақ болады — 5 градус.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында 17-19 мамырда түнде — қатқақ — 5 градус.

17 мамырда қатты жауын жаууы салдарынан Оңтүстік Қазақстан өзендерінде су тасқыны болуы мүмкін. Сонымен қатар, күндіз ОҚО-да кей жерлерде өрт қаупі өте жоғары.

Жаңалықтар
0