02:38 23 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Бекболат Тілеухан

Бекболат Тілеухан министрге: ісіңізді жақсы білгеннен кейін сөйлете бергіміз келеді

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
247240

Екі жылдың ішінде Қазақстан 640 адам 50 жасында зейнетке шықты

АСТАНА, 17 мамыр — Sputnik, Айымгүл Әбіл. Депутат Бекболат Тілеухан Мәжілісте заң жобасы бойынша баяндама жасаған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға сұрақ қоя отырып, оның өз ісін жақсы біліп, кез келген сұраққа екі тілде де еркін жауап беретініне тәнті екенін айтып қалды.

Тамара Дүйсенова бүгін Мәжіліс отырысында кейбір заңнамалық актілерге әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бойынша баяндама жасады. Министр әдеттегідей депутаттардың екі тілде қойған сұрақтарына еркін және толық жауап беруге тырысты.

"Ісіңізді жақсы біліп, екі тілде бірдей жосылып сөйлеп тұрғаннан кейін сізді сөйлете бергіміз келеді", — деген депутат Бекболат Тілеухан министрге өндірістің зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты өз сұрағын қойды.

"Өндірістің зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру мақсатында 2014 жылдан бастап енгізген міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына қатысты тәжірибеміз бар ғой. Осы процестің нәтижелеріне анализ жасадыңыздар ма және оның жұмыскерлер үшін тиімділігі мен жұмыс берушілер үшін жүктемесі қандай? Кәсіпорындар үшін қандай экономикалық салдары нендей?", — деді ол.

Дүйсенованың айтуынша, бүгінгі таңда бес пайыздық қосымша зейнетақы жарнасын 400 мыңнан астам азамат алып отыр. Екі жылдың ішінде олардың шотына 100 миллиард теңге түскен.

"Заңдағы ең негізгі мәселеге тоқталсам, зиянды жағдайда жұмыс істейтін азаматтар егер өзінің он пайыз және жұмыс берушінің бес пайыздық жарнасы жеткілікті болса, елу жасында зейнетке шыға алады. Екі жылдың ішінде осы жарнаны қосымша алған 640 адам елу жасында зейнетке шықты. Тағы да мың адам 2019 жылы елу жасында зейнетке шығуға мүмкіндік алды", — деді Дүйсенова.

Министр бұл бастамаға жұмыс берушілер де түсіністік танытқанын атап өтті.

"Жарнаны енгізгенде жұмыс берушілер еңбекақыны төмендете ме деген күмән болды. Тау-кен өндірісінде жұмыс істейтін азаматтардың еңбекақысын қарасақ, 2014 жылы 250 мың теңге болса, қазір 350 мың теңге көлемінде. Яғни, еңбекақыны жұмыс берушілер төмендеткен жоқ. Екіншіден, жұмыс берушілер табыс салығынан шегеріледі. Үлкен жүктеме жоқ.15 жұмыс беруші қазір тағы да 29 мамандық бойынша қосымша жарна төлеу бойынша ұсыныс жіберіп отыр. Жалпы, жұмыс берушілер тарапынан да, жұмысшылар тарапынан да қазіргі таңда үлкен проблемалар жоқ", — деп түйді сөзін министр.

Басты тақырыптар