Қоғам

БЖЗҚ айналасындағы шу: депутаттар жауапты тұлғаларды жазалауды талап етті

© Sputnik / Болат ШайхиновАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
БЖЗҚ-ның 71,6 миллиард теңгесі Әзербайжанның халықаралық банкіне инвестицияланған

АСТАНА, 17 мамыр — Sputnik,Айымгүл Әбіл. Мәжілістегі "Ақ жол" партиясы фракциясының депутаттары банкрот деп танылуы мүмкін Әзербайжанның халықаралық банкіне 2014 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы 70 миллиард теңгеден астам қаражатты инвестициялау туралы шешім қабылдаған жауапты тұлғаларды жауапкершілікке тартуды талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Министр: жинақтау жүйесіне көп қатысқан азаматтардың зейнетақысы жоғары болады

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының айналасында шыққан шуға қатысты "Ақ жол" партиясы фракциясының депутаттары Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевке депутаттық сауал жолдады.

"Бұған дейін "Ақ жол" партиясы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне бақылауды күшейтіп, қабылданған шешімдер үшін басшылардың жауапкершілігі туралы мәселелерді бірнеше рет көтерді. Тек соңғы бір жылдың ішінде ғана инвестициялық саясаттың БЖЗҚ-ға тікелей залал келтірген үш оқиға болды. Салымшылардың мүддесіне қайшы әрекеттер мен жауапты тұлғалардың біліксіздігі айқын көрінеді", — деді депутат Азат Перуашев.

Осыған орай "Ақ жол" фракциясы, біріншіден, Әзербайжан банкіне қаржы инвестициялау туралы шешім қабылдаған БЖЗҚ-ның лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тартуды талап етті.

"Екіншіден, зейнетақы қорының инвестициялық саясаты тәуекелдерінің өлшемдерін қайта қарастыру керек. Рейтингі төмен және халықаралық рейтинг агенттіктері теріс болжам жасап отырған қаржы институттарының бағалы қағаздарын алуға және депозиттеріне қаражат салуға тікелей тыйым салу қажет. Үшіншіден, парламент бекітетін республикалық бюджетке арнайы бөлім ретінде БЖЗҚ мен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бюджеті мен инвестициялық саясатын, сондай-ақ есебін бекітуді енгізу керек", — дейді депутат.

Бұдан бөлек, депутаттың атап өтуінше, БЖЗҚ-ның қазіргі бүкіл инвестициялық портфеліне ревизия жүргізіп, рейтингі төмен қаржы институттарының құнды қағаздары мен депозиттерінен тазарту қажет.

Зейнетақы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Дүйсенова зейнетақының үш кезеңде қалай және қаншаға өсірілетінін айтып берді

"Сондай-ақ, БЖЗҚ мен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын ұлттық экономиканың басым секторларына тікелей инвестициялау мәселесін қарастыруға қайта оралған жөн", — деді Перуашев.

Айта кетейік, қазақстандық экономист Рақым Ошақбаев Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 71,6 миллиард теңгесі Әзербайжанның халықаралық банкіне инвестицияланғанын мәлімдеді.

Белгілі болғандай, өткен жылдың қорытындысы бойынша Әзербайжан банкінің шығыны миллиард доллардан асып жығылған, банк төлемдер бойынша өз міндеттемесін орындай алмай, банкроттық туралы сотқа өтініш берген.

Кейбір ақпарат құралдары Әзербайжан үкіметінің банкке салынған қазақстандықтардың миллиардтаған зейнетақы жинағын қайтаруы мүмкін екенін хабарлады.

Жаңалықтар
0