20:55 26 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі

Тоқаев: бірліктің болмауы терроризмге қарсы күреске кедергі келтіруде

ИА Новости-Казахстан
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
10 0 0

Сенат төрағасының айтуынша, адами құндылықтардың құнсыздануы өте қауіпті

АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. Әлем елдері арасында бірліктің жетіспеуі терроризмге қарсы күреске кедергі келтіріп отыр, дейді Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Соңғы Сирия мен Украинада болған жағдайлар әлем державалары арасындағы геосаяси жағдайдың шиелінісіп тұрғандығын көрсетеді. Бірліктің жетіспеушілігі әлемнің әр түкпірінде болып жатқан терроризм көріністерімен бірігіп күресуге кедергі келтіруде", — деді Тоқаев әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының XVI отырысында.

Оның айтуынша, Солтүстік Кореяның ядролық сынақтарды өткізбеу жөніндегі келісімді бұзуға әрекеті әлемге ядролық апат қаупін төндіруде.

Касым-Жомарт Токаев
© Foto: Пресс-служба сената парламента РК

"Біз популистік толқындардың куәсі болудамыз. Ол әлемдік тәртіпті бұзып, ксефонофобияға және ұлты мен дініне қарап алалауға жағдай жағдай жасауы мүмкін. Ғаламдық экономикалық, әлеуметтік және экологиялық сын-қатерлер адамзат өркениетінің жетістіктерін жойып жіберуі мүмкін. Сондай-ақ, біздің болашағымызға да қауіп төндіреді", — деді ол.

Сенат төрағасы өз сөзінде адами құндылықтардың құнсыздануы өте қауіпті екенін атап өтті.

"Әлемдік қауымдастық бұл сын-қатерлермен тек бірігіп күресе алады. Сондықтан біз осы мақсатта конструктивті диалогты жалғастыра беруіміз керек. Сондай-ақ, ортақ келісімге келуге ұмтылуымыз шарт. Ең басты құндылықтар – адам өмірі мен бостандығы, ары. Бізді осы құндылықтар игі мақсатқа жетелеуі тиіс", — деді Тоқаев.

Айта кетейік, отырысқа ислам, христиан, иудаизм, буддизм, даосизм, синтоизм, индуизм, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымдардың басшылары келді. Отырысқа қатысушылар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VІ съезінің өткізілетін күнін белгілейді, сондай-ақ осы форумға дайындық барысы туралы мәселелерді қарайтын болады. Шараның күн тәртібіне Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіндегі басымдықтарының тұсаукесері де енгізілді.

Басты тақырыптар