Қоғам

Астанада қарт жүргізушіні сабап кеткен жігіт ұсталды

© Sputnik / Табылды КадырбековТөбелес
Төбелес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция жәбірленушінің құқық қорғау органдарына жүгінуін сұрайды

АСТАНА, 19 мамыр — Sputnik. Әлеуметтік желіде тарап кеткен бейнежазбада, болжам бойынша, Астанада жас жігіт қарт жүргізушіні жолда сабап кеткен. Елордалық ішкі істер департаменті болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Сәрсенбі 17 мамыр күні Астанада егде жастағы ер адамды соққыға жыққан 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Аталған дерек бойынша, ҚР ҚК 293-бабына сәйкес сот алды тергеулер жүргізілуде.

 

 

Ұсталған азаматтың түсіндіруінше, жолда ашуға бой алдырып, өз-өзіне ие бола алмай қалыпты. Астана ІІД жәбірленушінің полицияға жүгінуін сұрайды

Жаңалықтар
0