02:41 23 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Жансейіт Түймебаев

Жансейіт Түймебаев латын әліпбиіне көшуге қатысты пікір білдірді

© Foto: Пресс-служба акима Южно-Казахстанской области
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
151 0 0

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев латын әліпбиіне қатысты ойымен бөлісті

АСТАНА, 19 мамыр — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев латын әліпбиіне көшуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Латын әліпбиіне көшу өте маңызды мәселе. Бұл туралы Елбасы өзінің мақаласында жан-жақты жазды. Жалпы, біз латын әліпбиін қолдануды енді бастайын деп отырған жоқпыз, біз оған қайтып оралмақпыз. Өйткені 1929-1940 жылдары біз латын әліпбиін пайдаландық. Түркия да осы кезде латынды енгізе бастады. Бірақ 1940 жылы Сталин кириллицаға көшуді шешті", — деді Түймебаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында латын әліпбиіне көшу Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастыққа қалай әсер етеді деген сұраққа жауап бере отырып.

Оның айтуынша, қазақ тілін латынға көшіруге ешқандай кедергі жоқ.

"Ең бастысы, кез келген әліпбиде тілдің өзіндік дыбыстарын жеткізу маңызды болып табылады. Бұл ретте біздің тәжірибеміз бар, сондықтан ешқандай қиындық болмайды", — деген пікірде әкім.

Айта кетейік, Президент 2017 жылдың аяғына дейін латынша қазақ әліпбиінің жобасын әзірлеуді ұсынып, үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырды. Ал 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет. Осылайша алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізіледі.

Басты тақырыптар