17:10 25 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Центральная мечеть в Алматы, архивное фото

Алматы мешітінде қайырымдылық төлемдерін қабылдайтын терминалдар орнатылды

© AP Photo / Pavel Mikheyev
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2001

Алматылық мешіт қайырымдылықты төлем терминалы арқылы қабылдау бастады

АСТАНА, 20 мамыр — Sputnik. Алматыдағы Орталық мешітте қайырымдылық төлемдерін қабылдайтын терминалдар орнатылды, деп хабарлайды қаланың ресми сайты. 

Алматыдағы Орталық мешітке келушілер өздерінің қайырымдылық төлемдерін (пітір, садақа және т.б) электронды терминал арқылы бере алады, бұл жаңалықтың басты мақсаты — түсетін қаржылардың ашықтығын қамтамасыз ету. 

"Бүгінгі күні Бес институционалды реформаны жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар қоғам алдында барынша ашық болуда және есеп беруде. Алматыда ауруханалар, мектептер, балалар бақшалары, ПИК-тер өздерінің қаржылық есептерін жариялап, қалалықтар сеніміне ие болуда, міне, енді Алматы мешіті де алғашқылардың бірі болып осы жолмен жүре бастады", — деп атап өтті мегаполис әкімі Бауыржан Байбек.

Орталық мешіттің Бас имамы Нұрбек Есмағанбетова бұл технологияның пилотты режимде қолданылатынын айтты. Бұрыннан қалыптасқан әдіс те қолжетімді, мешітке келген кез- келген жан қайырымдылық төлемдерін ашық урналарға сала алады.

Ай сайынғы жиналған қаржының жалпы сомасы мешіттің сайтында жаряиланады.

 

 

 

Загрузка...

Басты тақырып