Қоғам

Астанада жазда жүк көліктері түнде ғана жүретін болады

© Sputnik / Болат ШайхиновАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада ЭКСПО-2017 кезінде жүк көліктерге түнгі 11-ден таңғы 6-ға дейін ғана жүруге рұқсат беріледі

АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. Астанада "ЭКСПО-2017" көрмесі кезінде жүк көліктерінің қозғалысы шектелетін болады, деп хабарлайды Астана ІІД әкімшілік полициясының жол-техникалық инспекция бөлімі басшысы Берік Жолдасбеков.

автобус - Sputnik Қазақстан
Экономика
Астанада 1 маусымнан бастап екі жаңа автобекеті жұмыс жасайды

"Астана ІІД хабарлауынша, "ЭКСПО" халықаралық көрмесін өткізу кезінде жүк көлігінің қозғалысы шектелетін болады. Биыл 7 маусымнан бастап 12 қыркүйекке дейін жүк көліктерінің барлық түрлері үшін таңғы 6-дан бастап, 23:00-ге дейін қозғалыс шектеледі", — деді Жолдасбеков дүйсенбі күні брифингте.

Елордадағы коммерциялық кәсіпорындардың қызметі үшін кешкі 23:00-ден бастап, таңғы сағат 6-ға дейін жүк көліктеріне жол жүруге рұқсат беріледі, деп атап өтті ол.

Жаңалықтар
0