11:38 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
СІМ

ҚР СІМ: Манчестердегі жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
23 0 0

Манчестер қаласындағы стадионда жарылыс болып, 50-дей адам зардап шекті, 19 адам қаза тапты

АСТАНА, 23 мамыр — Sputnik. Ұлыбританиядағы Манчестер қаласының стадионында болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандық азаматтар жоқ, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов.

"Анықтағанымыздай, концертте Қазақстанның алты студенті болған. Біздің дипломаттар екеуімен хабарласты, олар амандығын жеткізіп, медициналық көмекке мұқтаж еместігін айтты, өзге достарымен бірге тұрып жатқан үйлеріне қайтыпты", — делінген Facebook парақшасында жарияланған мәтінде.

ҚР СІМ өкілінің сөзіне жүгінсек, Қазақстанның Лондондағы елшілігі жергілікті құқық қорғау органдарымен үнемі байланыста отыр.

"Елшіліктің консулдық бөлімінің жедел желісіне хабарласуға болады: +44(0)7447470570 (WhatsApp). Манчестердегі туған-туыс, жақындарыңыз, достарыңызбен хабарласып, амандықтарын білулеріңізді сұраймыз. Қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамыз", — деп жазады Жайнақов.

Дүйсенбі күні кешке "Манчестер Арена" концерттік кешенінде, болжам бойынша, теракт орын алды. Полиция мәліметіне сүйенсек, 19 адам қаза тауып, 50-ге тарта адам жарақат алған.

Загрузка...

Басты тақырып