Қоғам

Астанада баланы автоорындықсыз тасымалдаған 200-ден астам жүргізушіге айыппұл салынды

© Sputnik / Александр Уткин / Медиабанкке өтуАвтоорындық
Автоорындық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
12 жасқа толмаған балаларды арнайы жабдықтың көмегімен тасымалдау қажет

АСТАНА, 23 мамыр — Sputnik. Жыл басынан бері балаларды арнайы автоорындықсыз тасымалдап, қауіпсіздік ережесін бұзған 200-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Астана ІІД баспасөз қызметі.

Қалғып кеткен жүргізуші - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада рөлде ұйықтап қалған жүргізуші көшедегі көліктерді соққан

Жазғы демалыс қарсаңында 2017 жылғы 1 мамыр мен 1 маусым аралығында елордамызда "Балалардың жолдағы қауіпсіздігі" атты республикалық ірі масштабты науқан өткізілуде.

Жол апатынан зардап шеккен балалардың саны ересек жолаушылардан әлдеқайда көп. Ювеналды полиция инспекторларының айтуынша, жол апаты кезінде автоорындықта отырған сәбидің аман қалу ықтималдығы 2-3 есе жоғары.

Астанада биылғы төрт ай ішінде кәмелеттік жасқа толмағандар қатысқан 20 жол апаты болып, салдарынан 21 бала әртүрлі жарақат алған.

Астана полицейі еске сала кеткендей, қауіпсіздік ережелерін сақтамай, балаларды тасымалдаған жүргізушіге 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Жаңалықтар
0