Қоғам

АҚШ елшісі Димашты туған күнімен құттықтады

© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол
Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін Димаш Құдайберген 23 жасқа толды

АСТАНА, 24 мамыр — Sputnik. Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол Димаш Құдайбергенді туған күнімен құттықтады. 

АҚШ елшісі инстаграм арқылы Димашқа видеоқұттықтау жолдаған. 

"Димаш, туған күніңмен құттықмаймын. АҚШ елшілігіндегі және Дипломатиялық миссиядағы барлық достарың мен жанкүйерлеріңнің игі тілегін жеткіземіз. Денсаулық, сәттілік және табыс тілейміз", — деген Джордж Крол.

 

 

Бүгін дарынымен және сирек кездесетін әсем даусымен қысқа уақытта әлемге танылып үлгерген Димаш Құдайбергеннің туған күні, әнші 23 жасқа толып отыр.

Айта кетейік, Қытайдағы Singer байқауы барысында қазақ әншісінің өнеріне тәнті болған белгілі әнші Лара Фабиан мен америкалық актриса Ева Лонгория Димаштың туған күніне орай видеоқұттықтау жолдады. 

Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Лара Фабиан мен Ева Лонгория Димашқа видеоқұттықтау жолдады

Димаш биыл туған күнін Қытайда атап өтеді. Әншінің PR-менеджері Алпамыс Шәрімов бұған дейін осы күні Бейжің қаласында Димаштың тұңғыш ресми әлемдік фан-кездесуі өтетінін хабарлаған болатын.


Жаңалықтар
0