Қоғам

Қазақстанда мектеп бітіруші түлектердің кеші 15 маусымға дейін өтеді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоПоследний звонок
Последний звонок - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл елімізде 136 мың оқушы мектеп бітіреді

АСТАНА, 25 мамыр — Sputnik. Қазақстан мектептерінде түлектер кеші 15 маусымға дейін өтеді, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Балалар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сағадиев оқушылардың жазғы демалысы қалай өтетінін айтып берді

Министрлік мектеп бітіруші түлектердің кешін 15 маусымға дейін өткізу керектігін ескертеді. Ал аттестаттарды табыстау мектеп әкімшілігінің шешімімен 10-12 маусым аралығында өткзілуі тиіс.

Биыл республика бойынша 136 мың 269 оқушы мектеп бітіреді. Олардың ішінде 90 мың 804 адам қазақ тілінде оқыса, 39 мың 334 адам орыс тілінде оқиды, ал өзге тілде білім алушылар саны — 6 мың 131.

Жаңалықтар
0