Қоғам

Мемлекеттік органдар 1 шілдеге дейін ескі үлгідегі елтаңбаны ауыстыруы тиіс

© Photo : Пресс-служба ЕНУ им. Л.Н. ГумилеваЖаңа үлгідегі елтаңбаның тұсаукесері
Жаңа үлгідегі елтаңбаның тұсаукесері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің елтаңбасын жаңарту жеті жылға созылған

АСТАНА, 26 мамыр — Sputnik. Елімізде ескі үлгідегі мемлекеттік елтаңба бірінші шілдеге дейін ауыстырылуға тиіс, деп хабарланған Еуразия ұлттық университетінің сайтында. Жоғарғы оқу орнында жаңартылған елтаңбаның тұсаукесері өтті. 

Университеттің ақпараты бойынша ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология комитеті мемлекеттік елтаңба жаңа стандартқа сай болуы керектігін хабарлаған. 

Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков пен оның көмекшілері рәміздің кейбір атаусыз бөлшектерін нақтылап, параметрлерін сандық және компьютерлік-техникалық қалыпқа түсіріп, бояу түстерін анықтады. Осыған байланысты ескі үлгідегі мемлекеттік елтаңбалар биылғы жылғы 1 шілдеге дейін ауыстырылуға тиіс. 

Мәлібековтің айтуынша, стандарттау процесі тыңғылықты жұмысты қажет етіп, жеті жылға созылды. 

"Мемлекеттік рәміздің авторы оның негізгі мағынасы – бірлік және келісімді, толеранттылық пен руханилықты, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрдің байлығын ерекше атап өтеді", — деп атап өтті университетте. 

© Photo : Пресс-служба ЕНУ им. Л.Н. ГумилеваАқмола облысының әкімдігіне жаңартылған елтаңбаны тапсыру сәті
Ақмола облысының әкімдігіне жаңартылған елтаңбаны тапсыру сәті - Sputnik Қазақстан
1/2
Ақмола облысының әкімдігіне жаңартылған елтаңбаны тапсыру сәті
© Photo : Сайт проекта Ak-Sakal Қазақстанның ескі үлгідегі елтаңбасы
Қазақстанның ескі үлгідегі елтаңбасы - Sputnik Қазақстан
2/2
Қазақстанның ескі үлгідегі елтаңбасы
1/2
Ақмола облысының әкімдігіне жаңартылған елтаңбаны тапсыру сәті
2/2
Қазақстанның ескі үлгідегі елтаңбасы

Мемлекеттік рәміздің авторы 1992 жылғы үлгідегі елтаңбаның параметрлері өзгермейтінін атап өтті. Ал стандарттары түбегейлі болмаса да, бұрынғы үлгісінен өзгешелеу болады. Мәселен, жұлдыз бен шаңырақ үлкенірек болады. «Қазақстан» жазуы, елтаңбаның түстері өзгереді. 

Енді мемлекеттік елтаңбаны әзірлеушілерге рәміздің дизайнын қолдан дайындауға тыйым салынады, өйткені ол стандартқа сәйкес келмейді. Сондықтан тек электрондық формат пайдаланылатын болады. 

Тәуелсіз Қазақстанның Елтаңбасы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторлары – Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Жаңалықтар
0