Қоғам

Еліміздің мешіттерінде алғашқы тарауих намазы оқылды

© Sputnik / Болат ШайхиновХазрет Сұлтан мешіті
Хазрет Сұлтан мешіті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін айлардың сұлтаны – Рамазан айы басталды

АСТАНА, 27 мамыр — Sputnik. Барша мұсылман қауымы асыға күтетін он екі айдың сұлтаны қасиетті Рамазан айы басталды. Бүгін еліміздегі барлық мешітте тарауих намазы оқылды. 

Сансыз сауапқа есік ашылар Ораза айының өзіне тән құлшылық-ғибадаттары бар. Солардың бірі – жиырма ракағаттан тұратын тарауих намазы. Айтулы айдың айрықша ғибадатына жиылған жұртшылық жылдағыдан да еселене түскен. "Нұр Астана" орталық мешітіне келген ізгі ниетті жамағатты ҚМДБ наиб мүфтиі, мешіттің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті Рамазан айымен құттықтап, тарауих намазын өтетін қариларды таныстырды, деп жазады ummet.kz.

Мечеть Нур-Астана, виды столицы Казахстана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ораза – жан мен тән тазаратын үлкен сабыр мектебі

"Қадірлі мұсылман қауым. Айлардың сұлтаны Рамазан баршаларыңызға құтты һәм берекелі болсын. Аллаға сансыз шүкір дейміз, еліміздегі бейбіт те берекелі уақытта қасиетті аймен қайта қауышып отырмыз. Мешіттеріміз халықтың қызметіне қалтқысыз дайындық жасады. Асыл дініміздің бес парызының бірі – ораза, қасиетті Рамазан Алла Тағаланың алдында айрықша құрметке ие ай. Осынау мүбәрак айды барынша құлшылық-ғибадатпен, дұға-тілекпен лайықты өткізуге күш салайық. Бірлігімізді нығайтып, иманымызды шыңдап, Рамазан айының оразасын асқан ыждахатпен ұстап, өткізуімізді Алла нәсіп еткей", — деді наиб мүфти.

Бүгін Астана қаласындағы республикалық "Әзірет Сұлтан" мешітінде тарауих намаздары басталды. Иін тірескен жамағат құптан намазын оқып болысымен, ҚМДБ-ның төраға орынбасары, "Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ұлық ай жайында аз-кем ақпарат беріп өтті.

Сондай-ақ, бір ай бойы "Әзірет Сұлтан" мешітінің жамағатын қасиетті Құран аяттарына ұйытып, тарауих намаздарына имамдық ететін қариларды жамағатқа таныстырып өтті. Айта кетейік, биылғы жылы Бас мешіттегі тарауих намаздарын елімізге танымал төрт қари жүргізетін болмақ, деп жазады muslim.kz.

Алып мешіттің үлкен залын лық толтырған жамағатқа қариларды таныстырып өткен Серікбай қажы Сатыбалдыұлы қасиетті Рамазан айының мұсылман қауымына мүбәрак болуын тілеп, көпшілікпен бірге дұға жасады. Қариларымызға сәттілік тілеп, Жаратушы Алладан Рамазан айын сауапқа толы өткізуді нәсіп етуін сұрады.

Жылдағы дәстүр бойынша тарауихтан тараған мешіт жамағатын үйлеріне жеткізу мақсатында қала әкімдігінің қолдауымен бірнеше бағыттарда қатынайтын қоғамдық көліктер қарастырылған.

Айта кетейік, Ораза биыл 29 күнге созылады. Ал маусымның 21-нен 22-не қараған түн — қасиетті Қадыр түні. Пітір садақаның мөлшері 300 теңге мөлшерінде белгіленді. 

 

Жаңалықтар
0