Қоғам

Жақсылық жаса: полицей Атырауда мүгедекке көмектесті

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтужол полициясы
жол полициясы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның батыс тұрғындары үшін белгілі аптапта арбаға таңылған адамға қажетті жерге жайлы баруына көмектесті

АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Атырау тұрғыны полицейдің ізгі әрекетін видеоға түсіріп алып, тәртіп сақшысына алғыс білдіріп жазбаны Желіге таратты. 

"Бүгін ЖПК (жол патруль қызметі) инспекторы жасаған жақсы әрекеттің куәгері болдым. Балықшы ауданында аптап ыстықта арбаға таңылған адам Қызыл Әскер бойында кетіп бара жатты, – деп жазды қала тұрғыны. 

 

 

Оның сөзіне қарағанда, полиция көлігі тоқтап, ішінен жас жігіт шыққан. Ол арбаға таңылған адамның қасына жақындап, оны көлікке отырғызады да, арбасын жүк салғышқа салады.

"Мен қайда апаратынын бақыладым. Полицей оны Балықшыдағы базаға жеткізіп салды. Рамазан айында – сүйсіндірерлік іс. Жарады. Сондай жігіттер көп болса екен", — дейді көзбен көруші. 

Қорыта келе Атырау тұрғыны осындай әрекеті үші тәртіп сақшысына алғысын білдірді. 


Жаңалықтар
0