Қоғам

Желіде Есентаева мен Алакөзовтың үйлену тойындағы суреті пайда болды

© PhotoҮйлену тойы
Үйлену тойы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баян Мақсатқызы мен Тұрсынғали Алакөзовтың суреті қазақстандық үйлену тойы журналының мұқабасына шықты

АСТАНА, 3 маусым — Sputnik. Танымал продюсер Баян Есентаеваның қалыңдық көйлегін киіп, сүйіктісі Тұрсынғали Алакөзовпен түскен суреті ивент-агенттіктің басшысы, продюсер Жан Мұқановтың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

"Wedding Four Seasons" үйлену тойы журналының бірінші нөмірі! Coming soon (Жақында — ред.)", — деп жазады Мұқанов Instagram желісінде.

 

 

Айта кетейік, Баян Мақсатқызы бірнеше ай бұрын күйеуі соққыға жыққаннан кейін ажырасқан болатын. Бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев оған пышақ салғаны үшін былтыр күзде тоғыз жылға сотталған еді. Жыл басында продюсер хабарлағандай, ол Тұрсынғали Алакөзовтың үйлену туралы ұсынысын қабылдған.

Жаңалықтар
0