12:10 21 Шілде 2018
Тікелей эфир
  • USD346.68
  • EUR404.02
  • RUB5.47
Медбике

Медбикеге шоколад сыйлау заңға қайшы ма?

© Sputnik / Aleksandr Kondratuk
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
6101

Жемқорлыққа қарсы ведомство басшысының орынбасары Алик Ішпекбаев қазақстандық медбикелерге сыйлық беру туралы сұраққа жауап берді

АСТАНА, 3 маусым — Sputnik. ҚР мемлкететтік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары Алик Ішпекбаев мебдикелерге сыйлық беру заңды ма деген мәселенің басын ашып берді.

Нұрлан Ермекбаев
Служба центральных коммуникаций при президенте РК

Интернет-конференция барысында Желі қолданушысы "медбикеге шоколад сыйлау заңды ма және ол үшін қандай жауапкершілікке тартылуы мүмкін?" деген сұрақ қойды.

Ішпекбаев атап өткендей, 247-ші қылмыстық бап мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда, сондай-ақ басқару қызметі жоқ мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлерге тағайындалатын жазаны қарастырады. Өз міндетіне кіретін қызметті көрсеткені үшін сыйақы алған жағдайда қызметкер жауапқа тартылады.

Бірақ бұл бапқа сәйкес, бес АЕК-тен арзан тұратын сыйлық алу қылмыстық құқықбұзушылық болып саналмайды. Мұндай жағдайға адамның міндетіне кіретін қызмет көрсету үшін алдын ала келісімсіз сыйлық ұсыну жатады.

"Демек, мемлекеттік қызметкер болмаса да, медбике ҚР ҚК 247-бабы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін", — деді Ішпекбаев берген жауабында.

Басты тақырыптар