Қоғам

ЭКСПО туралы шетелдік туристер не ойлайды?

© Sputnik / Болат ШайхиновЭКСПО
ЭКСПО - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сұралғандардың 91%-ы көрме туралы біледі және үштен екісі келуге дайын

АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті 14 мың шетелдік турист арасында сауалнама жүргізіп, ЭКСПО-2017 көрмесі туралы олардың пікірін білген. Сауалнама қорытындыларын ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов жариялады. 

"Сұралғандардың 91%-ы көрме туралы біледі және үштен екісі келуге дайын. Шетелдіктердің 65%-ы құны 4-6 мың болатын билетті сатып алады, негізінен қонақ үйлерге орналасады және орта есеппен екі күн арнайды. Астанаға жақын өңірлерді көргісі келетін шетелдік туристердің көпшілігі Бурабайға, біршамасы Ақмола және Қарағанды облыстарына, аз бөлігі алыс өңірлерге баруды көздеп отыр", — деді Дәленов. 

Сонымен қатар, қазақстандықтар арасында да сауалнама жүргізілген. Оның қорытындысы бойынша сұралғандардың барлығы көрме туралы білетіні анықталды.  40 пайызы көрмеге баруға,  68 пайызы билет алуға дайын. Негізінен ел азаматтары туған-туысқандарының үйінде болатынын және көрмені аралауға екі күн арнайтынын айтқан.

Жаңалықтар
0